Семейде қос баласы мүгедек отбасы елден көмек сұрайды

- Тәуір болғым келеді.

-Жылама, ботам

9 жасар Ділназ тумасынан ауыр дертке шалдыққан. Әдетте қарт адамдарда кездесетін артрит өрімдей қыздың денесін дендеген. Үйден сабақ оқыған бала қазір қалам ұстаудан да қалыпты. Бүгінге дейін Ділназ кем дегенде 80 рет емделіп қайтқан. Буындары қақсайтын ол үшін қозғалудың өзі қасіретке айналған.

Әлмира Батырханова, Ділназдың анасы:

-Тек дәрімен отырады. Соның өзінде болыспайды кейде. Түні бойы ұйықтай алмайды. Отырмыз міне осылай. Қалай болысарыңды білмейсің, қатты қиналасың.

Ол аздай, отбасының кіші қызы, 5 жасар Аида да ауыр дертке шалдыққан. Сал ауруына душар болған бала өздігінен жүре алмайды. Әйтсе де, ең алдымен көмек Ділназға қажет боп тұр. Ал отбасының қиын жағдайға тап болғанын білген азаматтардың бірі уақытша баспана беріпті.

- Саяжайдағы бұл үйшіктің ішінде пеші де жоқ. Батырхановтар отбасы осы жерді жазғы тұрақ ретінде пайдалануда. Ал қыс болса, қыр астында. Сондықтан да екі бірдей мүгедек баласы бар шаңырақ жалдамалы пәтер іздеп жатыр.

Алайда Батырхановтар баспанаға бас ауыртып отырған жоқ. Балаларды аяққа тұрғызсақ деп армандайды. Артритке шалдыққан Ділназды емдейтін дәрі бар екен. Алайда оның жалпы құны 7 млн теңгеден асып жығылады. Жәрдемақы мен мүгедек отағасының тұрақсыз табысына телмірген отбасы енді қайырымды жандардың қарайласуын өтініп отыр.


Баламды аяғына тұрғызуға көмектесіңіздерші. Баламның қиналғанын көргім келмейді. Көмектесіңіздерші....

Отбасының байланыс телефоны:8 775 177 23 80