Семейде қымбаттаған нан тұрғындардың наразылығын тудырды

Нанның құнын өсірген кәсіпорын – Семейдегі ең үлкен өндіріс орыны. Ондағылар жанармай қымбаттағандықтан, амалсыздан осындай қадамға барған екен. Алайда жұрт, әсіресе, зейнеткерлер, ел көп алатын нанның неге қымбаттағанын түсінбей отыр. Сондықтан бұрынғы бағасын қайта қоюды талап етуде. Ал әкімдік оған ешқандай тосқауыл қоятын емес. Шенеуніктер тек адамдарды сабырға шақырумен шектелді. Олардың айтуынша, шаһарда тағы 19 наубайхана бар. Сондықтан бір мекеменің шешімі базар нарқына әсер етпейді деп сендірді.


Нәби Әбілқасым, Семей қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:

-Ол кісілерде бізбен меморандум болатын. Енді ол кәсіпорынның өзінің шығынына байланысты меморандумды бұзып, меморандумға сәйкес жұмыс жасамауда.