Семейде қымызды ыдыстарға құятын өндірістік желі іске қосылды

Қымызды сақтау мерзімі әдетте 3-4 күннен аспайтыны белгілі. Қымыздың ғұмырын ұзарту әдістерін мамандар 1950-ші жылдардан бері іздестіріп келеді. Осындай тың әдісті 1992-жылы Зұлхарнай Сейітов ойлап тауып, авторлық патентке, ал Қазақстан - қымызды өндірістік ахуалда ыдыстарға құйып тарату мүмкіндігіне ие болды.

Қымыз құйылған алғашқы бөтелкелер "Асқар " ЖШС-нің өндірістің желісінен 5-тамызда шығарылды. Мамандардың айтуынша, өнімді 10 айға дейін сақтауға болады. Серіктестікті шикізатпен аймақтағы бірнеше шаруа қожалығы қамтамасыз етіп отыр. А.Данабаевтың айтуынша, қымызды ыдыстарға құятын агрегат сағатына 400 литрге дейін өнім шығара алады. Өндірістік желіде 10 адам қызмет етеді.