Семейде саябақта үй өртеніп, екі адам қаза тапты, бір адам ауруханаға жеткізілді

Олардың кім екені анықталуда, деп хабарлады ТЖ департаменті баспасөз қызметінен.

29 қазанда таңертеңгі сағат 11-де жедел жәрдем ауруханасына термикалық күйіктермен (денесінің 12 пайызы) 40 жастағы ер адам жеткізілді деген хабарлама түсті. Тұрақты тұратын жері жоқ ер адам травмотология бөліміне жатқызылды.

Зардап шегушінің айтуынша, ол  өрт сөндірушілер сөндірген үйде түнеген.