Семейде шалғайға жүк тасымалдайтын көлік жүргізушілерінен қалаға кіргені үшін ақша сыпырып алатын қылмыскерлер тобы қолға түсті

"2006 жылдан бері әрекет еткен қылмыстық топ 5 адамнан тұрған. Олардың көсемі бұған дейін адам өлтірген, қарақшылық жасағаны үшін сотталған, Чеченец деген лақап атпен танымал Семей қаласының 37 жастағы тұрғыны",-деді полицей.

М.Турубаевтың айтуынша, қылмыскерлер мынадай жоспармен ақша алған: "...трассаларда ауыр жүк тиелген көліктерді тоқтатып, пышақпен қорқыта отырып, жүргізушіден Семейге кіргені үшін 5 мың теңге талап еткен". Бұл үшін жүргізуші қолына: "Мына көлікке тимеңдер. Семейге кіргені үшін ақы төлеген. Сұлтанның қарақшылары",-деген жазуы бар қағаз ұстататын болған.

М.Турубаевтің айтуынша, қылмыстық топ оперативті -іздестіру шаралары барысында қолға түскен. Қазірдің өзінде зардап шеккен 30 көлік жүргізуші анықталды. Олардың арасында Ресей азаматы да бар.

Қолға түскендердің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "бопсалау жөніндегі" 181- бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті