Кеше 14 сағат шамасында қалада шаңды дауыл соқты. Шығыс Қазақстан облыстық өңірлік энергетикалық компаниясының ақпаратына сәйкес, 25 электр жалғастыру желісі үзілген. Соның салдарынан Восход, Солнечная долина және Полковничий аралдары жарықсыз қалды.
"Негізінен аралда желі көбірек үзілген, мұнда көп ағаш құлады. Қазір ақауларды жоюға күш жұмылдырыдуда. Бірінші кезекте жаппай болған ақаулар, сосын жекелеген ақаулар қалпына келтірілуде. 7 апаттық бригада жұмыс істеуде", -деп түсіндірді өңірлік компаниядағылар.