Семейде шөп тиеген көлік тура қала ортасында жанып кетті


Аяқ асты тұтанған өрт әп-сәтте Камаздың қос тіркемесін алып кетіп, көліктің жүргізушісі сыртқа шығып үлгеріпті. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар отпен 4 сағаттай арпалысты. Қайта, жалын жақын маңдағы жер үйлерге жетпей ауыздықталған. Жанармай багының жарылуына да жол берілмеді. Алайда машинадағы мал азығының түгі қалмай, күлге айналды. Қазір өртке не себеп болғаны анықталуда. Болжам бойынша, шөпке лық толған тіркеме электр сымдарын жанап өткенде от шықса керек.