Әдеттегідей малын жайлап жүрген азамат қорасында бір сиырдың жоғалып кеткенін байқапты. Біраз уақыт бойы іздегеннен кейін ол ірі қараны ауладағы жасанды жертөледен тапқан. Тереңдігі 2 метр болатын шұңқырдың беті жабылмай қалып, сиыры ішіне құлап кетіпті. Алғашқыда өздігінен әрекет еткен иесі ақыр аяғында құтқарушыларды шақыруға мәжбүр болды. Мамандар сиырды шығарып алу үшін альпинистік арқанды пайдаланды. Салмағы 200 келіден асатын құнажынды құтқару шарасы бір сағатқа созылған.