Жолдағы шұңқырға батып, көлігін айналшықтап жүрген жүргізушілер. Бұл Семей шетіндегі ықшамаудан үшін көптен бері үйреншікті көрініске айналған.
Әділбек Абдуллин, Семей қаласының тұрғыны:
- Мамыр айынан бастап өзі екі рет жөндеуге бардым. 48 мыңнан әрқайсысы. Біздің кінә жоқ. Жүргізушіміз, зейнеткерміз. Алатын ақшамыз саймандарды алуға жетпейді, қымбат бәрі.
Тіпті бұл жаққа қоғамдық көлік те қатынаудан бас тартыпты. Алайда, жұртқа жаны ашығандықтан амалсыз қайта шыққан бұрынғы бағыттарына.
Берік Бақтиярұлы, Автобус жүргізушісі:
- “Қақсай-қақсай қасқырдан да ұят болды” дейд ғой қазақ. Мүлдем жол жоқ. Не жөндесін, не жауып тастасын жолды.
Атқамінерлерден қайыр болмаған соң, кей жүргізуші қолдарына күрек алып, өздері шұңқырларды жамауға кірісіпті. Мұнымен мәселе түбегейлі шешілмейтінін білсе де, жоқтан бар қылып, амалдауға бел байлаған.
Анна Стягова, Семей қаласының тұрғыны:
- Мен өзім шұңқырларды көміп жатырмын. Биліктен еш көмек болмайтынына көзім жетті.
Шенеуніктер барлық жағдай бақылауда дегенінен танар емес. Тек жолдардың қашан жөнделетінін нақты өздері де білмейді.
Наталья Гаврилова, Семей қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Ондағы жолдар күрделі жөндеуді талап етеді. Оған қажетті жобалау құжаттары желтоқсанда ғана әзір болады. Келесі жылы қаржы бөлінеді деген сенімдеміз.
Алайда бұл сөзге сенер жүргізушілер жоқ. Айтуларынша, шенеуніктер осымен 5-ші жыл құрғақ уәдемен ауызды қу шөппен сүртуде. Сондықтан терең шұңқырларды өз қолдарымен жамай тұрудан өзге амал жоқ сияқты.