Семейде студенттік театрлар байқауы өтеді

Семей қалалық Мәдениет сарайында өтетін іс-шараға жоғары оқу орындары мен колледждерден 4 студенттік театр қатысады. «Әрине, алғашқы байқауға қатысатын театрлар аздау болып тұр. Дегенмен, алдағы уақытта қаладағы әрбір жоғары оқу орны студент-жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мәселесіне баса назар аударып, студенттік театрды қолға алады деп сенеміз», - дейді жас режиссер Бауыржан Төлеков.

Айта кетейік, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің жастар театры Ж.Қамбаровтың «Аққу әні» драмасын сахнаға шығармақ. Бұған дейін университет театры ҚР халық әртісі, профессор Асқар Тоқпановтың 95 жасқа толуына орай өткен республикалық студент жастар театрларының фестивалінде «Үздік комедиялық спекталь» номинациясын иеленген болатын.