Кәсіпорын басшысының айтуына қарағанда зауыт қуаты тәулігіне 30 тонна сүт өңдеуге мүмкіндік береді. Зауыт президенті Серік Қайшатаев ашылу салтанатында осылай деді. Озық финляндиялық желі көмегімен сағатына 2,5 тонна сүт өңдеуден өтеді. Жаңа кәсіпорын әзірге айран, қатық, қаймақ сияқты сүт өнімдерінің 22 түрін ұсынып отыр. Алдағы уақытта балмұздақ цехын іске қосу көзделген. Сүт тағамдарының сақталу мерзімі қысқа, сондықтан қашықтан жеткізілетін өнімдер сапасы да күмән туғызатыны белгілі. Біздің мақсатымыз өнім сапасы мен бағасы арқылы жергілікті тутынушылар көңілінен шығу,- дейді өнім өндірушілер. Шағын зауыт ұжымы 46 адамнан тұрады.