Семейде Таиланд, Филиппин елдерінде өмір сүретін ерекше жәндіктер көрмесі өтуде


Көрмеге арналған бөлменің ішінде тропикалық атмосфера жасалып, ауаны ылғалдататын арнайы құрылғылар орнатылған. Мұндағы сан түрлі жәндіктердің ішінде көбелектің «Жыланның басы» деп аталатын түрін келушілер ерекше ықыласпен тамашалады. Небары жеті күн тіршілік ететін бұл жәндік мүлде нәр татпайды екен. Соған қарамастан өзінің жұбын 10 шақырым жерден сезетін қабілеті бар.