Семейде «Теплокоммунэнерго» кәсіпорнының бұрынғы басшысының үстінен сот басталды

С. Горлов – сот алдында жауап бергелі тұрған жалғыз айыпталушы – 2 бап - мемлекет қаржысын жымқыру және салғырттық бойынша жауап береді,деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Тергеу материалдарына сәйкес, ЖЭО-1-де 30-шы жылдардан бері жұмыс істеп келе жатқан апатты жабдықтарға күрделі жөндеу қажет болғанына қарамастан, өткен жылыту маусымына қарсы ондай жұмыстар жүргізілмеген.

Еске сала кетейік, ЖЭО-1-де үстіміздегі жылдың қаңтар айында апат болған. Түтін сорғыштың кратері істен шығып, осының салдарынан №6 және 7 қазандықтар тоқтап қалған. №1 қазандықтың жұмысындағы іркілістер де оның тоқтап қалуына алып келді, кейін бу ысытқыштағы көптеген тесіктердің кесірінен №5 қазандық істен шыққан.

Қаланың сол жақ жағалауында, «Новостройка», «Юность», «Океан» және «Цементный поселок» ықшам аудандарында тұрғын үйлердегі температура +8 градусқа дейін төмендеп кеткен. Бұл бір ай бойы жалғасты. Апаттың себебін анықтаумен ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау басқарған республикалық комиссия айналысты. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қала әкімі қызметінен алынып, ТКШ бөлімінің біраз қызметкерлері әкімшілік түрде жазаланды.