Семейде төгілген сынап табылды

Мекеме ақпаратына сәйкес, 15 грамм төгілген сынап кеше коммерциялық дүңгіршектің жанынан табылған.

Сынапты мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерлері жинап, "Шығыс Қазақстан аймақтық экологиялық демеркуризациялау орталығы" ЖШС-іне табыстады. Сынап табылған жерде демеркуризациялық жұмыстар жүргізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті