Семейде тоңазытқышқа қамалып қалған екі бала тұншығып өлді

Қайғылы жағдай Семей шетіндегі саяжайда болды. Ағайынды балалар үйдің маңында ойнап жүріп, істен шыққан тоңазытқышқа кіріп кетіпті. Сөйтіп есігі тарс жабылып қалып, ішінен ашылмай қойған. Бүлдіршіндерден көз жазып қалған ата-анасы 1 сағаттай айналаны іздепті. Ақырында ескі тоңазытқышты ашып, балалардың жансыз денелерін тапқан. Жедел жәрдем шақырғанымен, бүлдіршіндерді аман алып қалу мүмкін болмады.

Татьяна Бедрина, оқиға куәгері:

-Жақын маңдағы көшелерді іздедік. Ертіс жағасына да бардық. Еш жерде болмаған соң, балалардың әкесі тоңазытқышты ашты.

Loading...