Семейде траншея топырағының опырылып кетуі салдарынан екі жұмысшы мерт болды

Оқыс оқиға кеше күндіз Школьная көшесінде болған. Жұмысшылар кәріз құбырын тарту үшін траншея қазып жатқан. Осы кезде топырақ опырылып кетіп, 43 жастағы екі жұмысшы үйіндінің астында қалған.

Қаза тапқандардың мәйітін 40 минуттан кейін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар шығарып алды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті