Семейде тұмаумен ауырғандар тіркеле бастады

"Жалпы алғанда, қалада ОРВИ және тұмау ауруларымен ауру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалпында сақталуда", - деп атап көрсетті К. Жұмагелдина.

"Әр апта сайын Семейде шамамен тұмаумен ауыруға қатысты 1100 оқиғасы тіркеледі. Соған қарамастан, бақылау деңгейінен шығып кетуі тіркелмеген. Науқастар негізінен орта деңгейде өтуде. Науқастардың 70 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар", - деп хабарлады эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің қызметкері.

Қазан айының басынан 15-желтоқсанға дейін қалада ақылы негізде тұмауға қарсы 3650 адам егілген. Облыстық бюджеттің қаражаты есебінен 466 бала егілді. Олардың қатарында балалар үйінің жеткіншектері мен жиі ауыратын балалар бар.

К. Жұмагелдинаның хабарлауынша, қалада тұмаумен ауырған адамдарды емдеуге әрқайсысы 40 орындық екі стационар белгіленген. "Барлық емдеу мекемелерінде тұмаудың алдын алу шараларының шұғыл жоспары енгізілді. Балалар бақшасы мен мектептерде келмей қалған оқушылар бойынша күн сайын мониторинг жүргізілуде. Әзірге, жабылуы тиіс мекемелер жоқ", - деді эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы.

"Жасалған болжамға сәйкес, тұмау ауруының белең алатын кезі қаңтар айының аяғына - ақпан айының басына сәйкес келеді деп күтудеміз", - деп сөзін қорытты К. Жұмагелдина.