18 сәуірде сағат 16:15-те Рысқұлов көшесіндегі №1 үйде өрт шықты. Аз уақыт ішінде қызыл жалын балконның пластикалық конструкцияларын жалмап, көрші пәтерді шарпыды. Тұрмыстық техника, жеке заттар, терезелер, есіктер отқа оранды.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер қалың түтін салдарынан 28 адамды эвакуациялады, оның ішінде 6 бала бар.
Құтқарушылар бір сағаттан кейін өртті сөндірді. Жапа шеккендер жоқ.
Оттың шығу себептері анықталып жатыр.