Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Наталья Фесенко баспасөз мәслихатында ең жоғары балл - 123 екенін хабарлады. Олар №№37, 39 орта мектептердің 2 түлегі.
Шекті деңгейді еңсере алмағандар саны 334. Отыз «Алтын белгі» үміткерлерінің оны ғана өз білімдерін қуаттады. Үздік аттестатты 28 үміткердің 15-і ғана иелене алады.
Семейде ҰБТ-ға 1193 түлек қатысты. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 69,4 пайызын құрайды.
23 түлек - халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары ҰБТ тапсырудан босатылды, олар Қазақстан, таяу, алыс шетелдердің ЖОО-ларына грант алды. 193 түлек ҰБТ тапсырудан босатылды, олар Ресей ЖОО-ларына емтихан тапсырғандар. Қалғандары дәстүрлі тәсілмен емтихан тапсыруға тілек білдірді.
Ауыл түлектері ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетті, деп атап өтті Фесенко.
Жарқын ауылында үздік көрсеткіш орын алды - 92,6 балл. Қалалық №37, 30 орта мектептер, экономикалық лицей, №6, 21, 27, 47 гимназия жақсы нәтижелерге ие болды.
№25 мектеп ең төмен нәтиже көрсетті.
Баспасөз мәслихатында ҰБТ-ға дайндық жыл бойы жүргізілгеніне қарамастан, нәтиже өткен жылғыдан төмен болды. Білім беру бөлімі келесі жылы олықылықтарды түзету бағдарламасын әзірледі, деп хабарлады қала әкімдігінен.