Тағы үшеуі күйік бөлімінде ауыр халде жатыр, ал тағы бірі жансақтау бөлімінде. Оның жағдайын дәрігерлер тұрақты ауыр деп бағалап отыр, деп хабарлады Семей қаласының әкімдігінен.
Денсаулығы қанағаттандырарлық Юрий Меньшиковтің - «Востокцемент» мердігерлік ұйымының 25 жастағы жұмысшысының беті мен тізе буынын күйік шалған.
Осы бөлімде жатқан 1987 жылы туған оның ағасы Сергейдің жағдайы ауыр, сондай-ақ беті мен тыныс алу жолдары қатты күйіп қалған 32 жастағы Ержан Өтегенов пен бет-жүзін 3-4 дәрежелі күйік шалған Иван Косатый да ауыр халде аталмыш бөлімде.
33 жастағы Қайырғазы Мусинның жағдайы тіпті нашар. Жарылыс кезінде оның денесінің 40 пайызын 2-3 дәрежелі күйік шалған.
Естеріңізге сала кетейік, 17 мамырда жапа шеккендердің бірі, комбинаттың бұрынғы өрт сөндірушісі Еркін Жолдин қаза тапқан еді. Оның беті, кеудесі, аяқ-қолдары термикалық күйікке ұшырап, жамбасы сынған болатын.