Семейде ұрылар қолды қылған затын қайда жіберерін білмей титықтаған

Ақша таппақ болған 8 жігіт Қытайға жол тартқан пойызға ұрлыққа түскен. Жүріп бара жатқан вагонға жармасып, оның ішіндегі тастарды қапқа салып жолдың бойына лақтырыпты. Алайда қолды болған сұр заттардың не екенін білмей, оны тым құрығанда сату керек деп шешіпті. Полицейлер олардан 3 тоннаға жуық феррохромды тәркілеген. Оның не екенін білмедік деп ақталған ұрыларға тәртіп сақшылары сенер емес.

Алмас Ақтаев, Семей станциясындағы желілік полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің бастығы:

- Ұрланған тастардың не екенін білмедік деп ақталғаны күмән туғызады. Арнайы көлік жалдап, қалаға аттанғанына қарағанда, олардың сататын орындары да болған. Тергеу әлі аяқталмады. Сондықтан нақты қорытынды кейін белгілі болады.

Loading...