Мекеме ақпаратына сүйенсек, акция барысында баспасөз мәслихаттары, тренингтер және СПИД орталығы мамандарының жасырын кеңестері өткізіледі.
"Өткен жылы 22 адамның ВИЧ дертін жұқтырғаны анықталса, биыл он айдың ішінде жаңадан 47 адамның ауырғаны белгілі болды. Аурулардың 80 пайызынан астамы есірткіні инемен қабылдаушылар. 91 пайызы - ер адмдар, 93 пайызы - жұмыссыздар, шамамен 73 пайызы 20 мен 39 жас аралығындағы адамдар", - деп көрсетті орталық қызметкерлері.
"Ауруы анықталғандардың негізгі бөлігі негізінен Алматыдан мерзімін өтеу үшін қала колониясына келген жазасын өтеушілер. Алайда, 2006 жылдың аяғынан бастап, есірткі заттарын пайдаланушылар арасынан да табыла бастады", - деп атап көрсетті мамандар.
Сондай-ақ, мамандарды ВИЧ індетінің жыныстық жолмен таралуы да мазалап отыр. Бұл ауру жұғуы мүмкін топтың қатарына кірмейтін адамдар арасында да індеттің таралғанын дәлелдейді. Өткен жылдың қараша айынан бастап осындай 3 жағдай кездесті", - деп хабарлады СПИД орталығы.