Оған «Динама-Қазығұрт» (Шымкент), «Шығыс-ҚорғасынҚұрылыс-2» (Өскемен), «Ұшқын-КазҰАУ» (Алматы), «Атырау-2» (Атырау), «Ертіс» (Павлодар облысы), «Есіл-Виктория» (Қызылжар), «Жайық-Конденсат» (Орал), «Семей» (Семей) волейболшылары қатысады. Айналым жүйесі бойынша 5 турға созылатын ел чемпионатында артта қалған команда Жоғары лиганың «Б» тобына түседі.
2011/2012 жылғы жаңа маусым Шымкент пен Өскемен қалаларының арасындағы ойынмен басталмақ. Одан кейін алматылықтар мен атыраулық, павлодарлықтар мен қызылжарлық, оралдықтар мен семейлік командалар жарысты одан ары қыздыратын болады.