Семейде зағиптар массаж жасап үйренуде

Алғашқы кезеңге 10 мүгедек қабылданған. Олардың басым бөлігі көру мүмкіндігінен мүлдем айырылғандар. Бірақ жобаны ұйымдастырушылар бұл жайт кәсіпті меңгеруге кедергі келтірмейді деп отыр. Себебі көзі көрмейтін жандардың қолдары мен саусақтары ерекше сезімтал келеді екен. Сол арқылы массажды барынша ұқыпты әрі пайдалы етіп жасауға болады. Курс соңында емтихан тапсырылады. Үздік деп танылған бір адамға массаждың керек-жарақтары табыс етілмек. Олар енді осы сертификат арқылы қосымша табыс табатын мүмкіндік алды.


Серікбек Базарбекұлы, Бірінші топтағы мүгедек:

-Қазір  кісілер естіп, көршілер маған айтып жатыр жасайсыз ба деп. Мен айттым, енді көреміз, иншаллаһ ниет болса бастаймын деп. Алла қаласа, бәрі алда деп ойлаймын.»