"Қалада 10 жылдай бұрын таратылған "Зеленстрой" кәсіпорнының жұмысы қайта жанданды. Енді қаланы жасылдандыру жұмыстары бұрынғыдан гөрі жоспарлы және нәтижелі болмақ. Кәсіпорын қызметкерлері жұмысты бастап та жіберді - Бозтаев көшесінің бойында 100 ағаш отырғызылды", - деді С. Оразәлиев.
Ол енді егу жұмыстары бұрынғыдан өзгеше болатынын атап өтті. "Біз қарапайым дәстүрден бас тартып отырмыз. Егер бұрын тиімділігі төмен, биіктігі бір метрден аспайтын ағаштарды отырғызсақ, енді 2,5 - 3 метр биіктіктегі ағаштарды отырғызатын боламыз. Оның тамырымен топырағы да бірге болады. Сондықтан, олардың 99 пайызы бейімделіп кететіні күдік тудырмайды", - деп түсіндірді қала әкімінің орынбасары.
Ол 2008 жылы барлығы 3 мыңдай ағаш - терек, қайың, шырша отырғызылатынын хабарлады. "Қандай көшелерде отырғызатынымыз белгілі. Уәкілетті органдармен уағдаластық. Енді наурыз айының ішінде осы жұмыстарды аяқтауымыз керек", - деп сөзін қорытындылады С. Оразәлиев.