Семейде жанармай құйып жатқан көлік өртенді

«Жанармай құю барысында 1993 жылы шыққан «Фольксваген Гольф» көлігінен күтпеген жерден өрт шыққан. Жалын жалпы 20 шаршы метр аумақты шарпып үлгерді», - деп хабарлайды облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минутта ауыздықтады. Адам шығыны жоқ.

«Адамдар бірден эвакуацияланды. Өрт сөндірушілердің жылдамдығының арқасында жарылыс болған жоқ. Жанармай бекеті тұрғын үйлер секторында орналасқан», - делінген хабарламада.