Семейде жанар-жағармай бағасы қымбаттады

Бөлімнің мәліметтері бойынша, Семейде қазанда АИ-80 жанармайының бағасы 70 теңге болса, қарашада 75 теңгеге дейін көтерілді. АИ-93 маркалы жанар -жағармай қазанда 82 теңгені құраса, қарашада 84 - 87 теңгеге жетті, АИ-96 маркасы бір айда 5 теңгеге қымбаттады ( 92 ден 97 теңге).

Мамандардың пікірінше, жанар-жағармай бағасының қымбаттауына бірнеше себеп бар. Біріншіден, "қазанда Шымкент және Атырау мұнай өңдеу зауыттары бірдей жоспарлы жөндеу жұмыстарын жасау үшін жұмысын тоқтатқандығы, мұнай бағасының өсуіне әкеліп соқтырды. Егер қазанда бір баррельдің құны $80 болса, бүгінде оның бағасы $90. Ал үшіншіден, елде көлік саны ұлғайды".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті