Семейде Жапондық дәрігерлер қатерлі ісік дертіне диагноз қоюға арналған жаңа әдістеме енгізді

Ғ.Әліповтың түсініктемесіне жүгінсек, цитоморфологиялық әдістің көмегімен қатерлі ісіктің алғашқы белгілерін бірден байқап, дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетуге болады. Мұндай жағдайда қатерлі ісіктен құлан таза айығуға мүмкіндік бар.

Жоба аясында аймақта тұрғындарды бірінші сатылы скрининг жүйесіне қамту арқылы жан-жақты терең зерттеуден өткізіп диагноз қою жұмыстары жүзеге асырылды. Қазір диагноз қойылған адамдарды компьютерлік тіркеуден өткізіп мәліметтер жинағын жасау сатысы атқарылып жатыр. Кейіннен бұл мәліметтерді өңірдегі медициналық қызмет деңгейін арттыру мақсатында мүдделі тараптарға пайдалануға беру жүйесі қалыптастырылады дейді Қабит Әліпов.