Семейде жастар арасында қызылша мен қызамыққа шалдығу көрсеткіштері азая түсуде

"Жоғарыда аталған жас мөлшеріндегілер арасында қызылша мен қызамыққа шалдығу көрсеткіштері азая түсу ағымын біз екінші апта байқап отырмыз. Әрбір 7 күн ішінде 10 жағдай тіркелуде",- деді З. Жұмагелдина. 7-ақпан күнгі жағдаймен қалада 15-25 жас аралығындағы 465 науқас тіркелді. "Дейтұрғанмен, аталмыш жас мөлшеріндегі науқастар саны бұрынғыдай басымдыққа ие",- деді дәрігер.

Оның айтуынша, Семейде 15-25 жас аралығындағыларға ақысыз вакцина егу шарасы жаңғыртылды. Қазіргі жағдаймен 4,5 мың адамға вакцина егілді. Жалпы алғанда 24 мың адамды бұл науқанға қамту қажет. "Бұл шара алдағы екі аптада аяқталуы тиіс",- деді З. Жұмагелдина.
"Тұрғындардың иммунитетін нығайтуға бағытталған қаржы республикалық бюджеттен бөлінді. Сатып алынған дивакцина адамдарды қызамықтан да қорғайды",- деді емхана директоры.