Семейде жемқорлықпен күрес жөніндегі қалалық бағдарлама дайындалды

Оның айтуынша, құжат үкімет дайындаған осы сияқты республикалық бағдарламға негізделген. "Біз оны нақтылап, қала аумағында жемқорлықпен күресті одан сайын күшейте түсетін реттерді енгіздік",-дейді Е.Уранхаев.

Оның айтуынша, енді жер телімдері тек ашық аукциондар арқылы ғана сатылатын болады. " Жер мәселесін шешуде бірнеше тұлға атсалысып, шенеунік жалғыз өзі ойына келгенін жасай алмайтын болады,-деп түсіндірді ол.

"Біз енді азаматтардың адамгершілік кодексінің, жемқорлыққа қарсы заң мен мемлекеттік қызметкер туралы заңдардың бұзылуы туралы шағымдарын сараптайтын боламыз. Егер шағымдар расталатын болса, оларды жою жолында нақты қадамдар қолданбақпыз,-дейді Е.Уранхаев.

Бұдан былай кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласу және шенеуніктердің кәсіпкер құқына нұқсан келтіру істерін үнемі анықтау шаралары жүргізіліп тұрмақшы. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері азаматтар мен заңды тұлғаларды парақорлыққа итермелеу туралы жайттарды анықтауға бағытталған шараларды құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп жүргізетін болады. " Бірінші кезекте бұл Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, білім және денсаулық сақтау мекемелеріне қатысты болмақ. Біздің қаламызда жемқорлық денсалық сақтау мекемелерінің өзінде кездеседі,-дейді қалалық құқық бөлімінің бастығы.

Бұған қоса енді барлық заңдық нормативтік актілер, Семей қалалық жетекшілігінің барлық қаулы жобалары мен нұсқаулары мемлекеттік-құқықтық бөлімде жемқорлыққа қарсы сараптамадан өтетін болады. " Біз қандай да бір құжаттың заңға қайшы ма, жоқ па дегенге қорытынды береміз. Егер онда жемқорлыққа нұсқайтын бір жайттар болса, бұл ұсынысты енгізген тұлғамен сөйлесетін боламыз,-деп түсініктеме берді Е.Уранхаев.

Сонымен қатар, ол қалалық әкімшілікте "сенім телефоны" үнемі жұмыс істеп тұрғанын, ал барлық мемлекеттік органдарда ұсыныстар мен ескертулерді білдіруге арналған жәшік орнатылғандығын жеткізді.

Қалалық жемқорлыққа қарсы бағдарлама 2010 жылға дейін жүргізілмекші.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті