"Бұндай дәрі- дәрмектердің жоқтығы облыстық денсаулық сақтау департаментінде тендердің уақтылы өткізілмегеніне байланысты. Себебі мемлекеттік сатып алу туралы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", - деп түсіндірді Т. Нұрмағамбетов.
"Өткен жылы балалардың тамағы, тегін дәрі-дәрмектерді сатып алуға 389 млн теңге бөлінген болатын. Биылғы жылы ақша мөлшері белгіленбеді. Тендер кеш өткізілетіндіктен, медициналық препараттар сәуірдің аяғында немесе мамыр айында бірақ түсетін болады. Сондай-ақ, дәрі- дәрмектерге зәру болып отырған ауруларға ақшалай төлемдерді беру қарастырылмаған. Олар медициналық препараттарды өз қаржысына сатып алатын болады ", - деп атап өтті қалалық денсаулық сақтау өкілі.
Ол атап өткеніндей, қазіргі кезде қалада мемлекеттік медициналық сатып алу қызметі жүйесімен жұмыс істейтін 78 медициналық мекемесі осында жағдайда отыр.