Семейде жиҺаз фабрикасының күзетшісі тонаушыны жарақаттады

Жедел жәрдем станциясы директорының орынбасары Мәнсия Әукенованың айтуынша, үш тонаушы фабрика аумағына кешкі 22 сағат шамасында басып кірген. Кірген бетте әлгілер күзетшіге дүрсе қоя беріп, оны қарусыздандырмақ болған. “Тонаушыларға қаратып оқ атқан күзетші тонаушылардың бірін жарақаттайды. Оқ тонаушының самайынан тиіп, ол зауыт аумағында жығылып қалған. Ал қалған екі тонаушы оқиға орнынан қашып құтылған”,- дейді дәрігер.

39 жастағы тонаушы облыстық ауруханаға жатқызылды. Ол қазір әл үстінде. Тәртіп сақшылары оқиға орнында тексеру жүргізіп, қалған күдіктілерді іздестіруде.