Семейде жоғары кернеулі желілерді реконструкциялауға байланысты электр қуатын жоспарлы үзу енгізілуде

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 5 - 17 қыркүйек аралығында Орталық базар ауданында, Татарский край және Контрольный аулында электр қуаты үзіле бастады. "Бұл аудандарда төрт бригада жоғары кернеулі желілерді жалаңаш сымдардан изоляциялы сымдармен ауыстырып, монтаждау жұмыстарын жүргізуде, бұл жерде 7,5 шақырымды ауыстыру жоспарланған",- деді энергертикалық компаниядағылар. Олар, сондай-ақ үстіміздегі жылы Семейде 23 шақырымды ауыстыру жоспарланғандығын хабардар етті.

"Біз тұрғындардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз",- деп атап көрсетті "Шығыс Қазақстан аймақтық энергетика кампаниясы" АҚ-дағылар.