"Қаладан шыға берісте, Знаменское тас жолында екі жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан жеті адам зардап шекті. Олардың арасында 8, 12 және 17 жастағы кәмелеттік жасқа жетпеген үш бала бар", - деді станция директорының орынбасары Мәнсия Әукенова. Оның айтуынша, зардап шеккендер ауруханаға жатқызылған.
Сонымен бірге, "Общество слепых" ықшамауданында жеңіл автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кеткен. "Жүргінші жедел жәрдем тобы келгенше қайтыс болды. Оның аты-жөні әлі анықталған жоқ. Жігіт 25 - 30 жас аралығында", - деді М.Әукенова.