Дәрігерлердің айтуынша, Ертіс көшесінде түнгі сағат 2 -де жол көлік оқиғасы орын алды. "Апат орнына келген дәрігерлер бригадасы сол жағына аударылған "Тойота" көлігін көрген. Жол полициясының қызметкерлері жол көлік апатында зардап шеккендерді басқа көлікпен әкеткен, ал көлік жүргізушісі орнында қалған", -деп түсіндірді стансадағылар.
"Дәрігер (ер адам) жүргізушінінің денсаулығын тексермек болып оны мәшиненің ішіне кіруін өтінген. Ер адам өктеп сөйлеп, көмектен бас тартты. Кейін ол дәрігердің қасына келіп оның көзінен ұрған. Соққы тым қатты болғандықтан, дәрігердің миы шайқалып, көзі жарақаттанды", - деді медициналық көмек көрсету қызметкерлері.
Зардап шеккен дәрігер полицияға шағым түсірді.