Электр қуатын пайдалану ережесінің бұзылу оқиғасы Павлодар бағытындағы тас жолда орналасқан жол полициясының бекетінде анықталған. Атап айтқанда, электр қуатын есептеу құралында пломба болмаған. Оның үстіне есептеу құралын қуат таратушы компаниямен келіспестен өз беттерімен ауыстырған. Сондай-ақ, осы нысанда орналасқан электр қуаты соңғы үш жылда төленбеген, деп түсіндірді баспасөз қызметі.