Семейде жол жүру билеті қымбаттайды

С. Крокустың айтуынша, жол жүру тарифтерін көтеру туралы шешім қалалық жолаушы тасымалдаушылардың бірлескен отырысында қабылданған. Қыркүйек айында жанар- жағар май бағасының қымбаттауынан қоғамдық көліктерде жүру ақысы 5теңгеге қымбаттады. "Соған сәйкес,айлық жол жүру билеттері де қымбаттауы тиіс еді, бірақ біз бұл мәселені кейінге қалдырдық", деді ол. "Қазіргі сәтте жол жүру билеті 1,5 мың теңге тұрады, ал жаңа жылдан бастап 2 мың теңге болады",- деп атап өтті С.Крокус.

Жол жүру билеттерін қымбаттату арқылы жолаушы тасымалдаушылар өздерінің шығындарын толтырмақшы. "Әр ай сайын семейліктер 6 мыңдай жол жүру билетін сатып алады. Осылайша, жолаушы тасымалдаушылар жанар жағар май мен қосалқы бөлшектер шығынын жабады",-деді ол.

С.Крокустың айтуынша, Семейде қоғамдық көліктерде жол жүру ақысының өсуіне қарамастан, Қазақстан бойынша ең төмен болып тұр. "Өскеменде жол жүру билетінің бағасын үш мың теңгеге дейін қымбаттатқан",- деп атап өтті С.Крокус.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті