Полиция қаладан шыға беріс жолдарды жауып, боран басылғанша көліктерді сыртқа жіберген жоқ. Мұнда өзге елді мекендерге асыққан жеңіл машиналардан бөлек, жүк көліктері мен автобустардан кептеліс пайда болды. Адасқан 8 бақташы қазір табылды. Біреуі арнайы техникамен іздестірілуде. Алдарындағы 500 бас төрт-түлік те жоқ. Түн ортасына таман боран бәсеңсіп, қалааралық жолдар ашылды. Десе де, жүк тасумен айналысатындар шығынға баттық деп отыр.
Олег Аверкович, көлек жүргізушісі:
-Біз тауарды жылдам апарсақ, ақшамызды толықтай аламыз. Кешіксең, сәйкесінше ақы қысқарады. Ауылдарда тауар тосып тұрғандары тағы бар. Енді не істерімді білмеймін!