Семейде жүк көлігі жер үйді жайпап өтті

Жол жиегіндегі үйдің қожайындары ұйқыға кетер кезде жүк көлігі аулаға кенеттен жүйткіп кіріпті. Бір қызығы, ішінде жүргізушісі болмаған. Сондықтан  техниканың тежегіші істен шыққан деген болжам айтылуда. 30 тоннадай көмір тиеген көлік дәретхана мен қойманың түгін қалдырмаған. Жүргізушінің өзі оқыс оқиғадан кейін әлі көрінбепті. Ал үйдің иесі апаттан аман қалғанына әлі сене алмай жүр. Дәретханадан әреңдегенде атып шығыпты.


Әлімжан Қоқамбеков, Семей қаласының тұрғыны
:

- Түк қалған жоқ. Бір күн болды, ешкім келмейді! Ешкімге керегі жоқ! Бастықтары келіп қарады-қарады кетті! Біз не істейміз енді?!