Семейде жүкті келіншекті әкеле жатқан жедел жәрдем апатқа ұшырады

Жедел жәрдем көшеде жеңіл көлікпен соқтығысып, аударылған. Салдарынан 4 адам зардап шекті. Ішінде жүргізуші мен дәрігерлерден бөлек, аяғы ауыр науқас та болған. Екіқабат әйелдің жол апатынан алған жарақаты ауыр болып, ауруханаға басқа көлікпен жеткізілді. Қалғандары жеңіл жараланып, үйлеріне жіберілген.

Loading...