Семейде жұмыссыздарға бөлінген миллиондардың ұрланғаны анықталды

Орталық мамандарының арқасында, мұнда екі қолға бір күрек таппаған адам қалмаған сыңайлы. Тіпті, абақтыда жазасын өтеп жатқан азаматты да қара жұмысшы ретінде тіркеп, жалақы тағайындап қойған. Шын мәнінде ол бір ай ғана істеп, 10 жылға сотталып кетіпті. Бірақ жұмыспен қамтушылар оның 6 айдан бергі жалақысын өз қалталарына басқан. Бағдарлама аясында басқа қаланың тұрғындарын да электрик, темір ұстасы ретінде тіркеп, оларға тиесілі ақшаны да өздері алыпты. Қазір осы іспеттес 23 дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Loading...