Оқиға түстен кейін, автобустың жолаушысы аз уақытта болған. Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмады. Жол апатына Лексус жүргізушісінің аяқ астынан жүрек талмасының ұстауы себеп болған. 53 жастағы азамат тежегішті басуға шамасы келмей, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Енді жамбас сүйегі сынып, ауруханада жатыр. Ал автобустың үш жолаушысы жарақаттанып, бірінің қолы сынған.