Жол азабын тартқан семейліктердің осыдан басқа амалы жоқ. Көлік иелері шұңқырларды көрсетіп қана қоймай, оларды ерінбей өлшеуге көшкен.
Шұңқырлардың ені кей жерлерде 3 метрден асады. Қала шеті былай тұрсын, орталықта да жағдай мәз емес. Ой-шұңқырдың кесірінен көлік иелері ережені жиі бұзуға мәжбүр. Айыппұлды айтпағанда темір тұлпарға келер шығынның өзі шаш етектен.
Тілек Кәбенов, Семей қаласының тұрғыны:
-Қаланың жолдарының түріне қарап, жүрегім ауырады. Сондықтан осы күні шықтық балалармен жиналып. Жарты жылда бір саласың ходовканы жасау үшін,жоқ дегенде! Қымбат көліктерге көп кетеді, менің көлігім орташа деңгейде. 50 мың саламын жарты жылда.
Қазір жөні түзу жолдар қалада саусақпен санарлық. Ал шұңқырлар жылда жамалғанымен, көпке бармай қайта ойылады. Әкімдіктегілер биыл да жолдардағы жыртықты жамауға 100 млн теңге бөлінді деп отыр.
Жанна Шаймұратова, Семей қалалық тұрғынүй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің сектор меңгерушісі:
-Қалада көлік саны күрт өсті. Күні-түні қозғалыстан кептеліс жиі болады. Мұның бәрі жолдың тез тозуына әкеп соғады.
Жолд қалыпқа келтіруді талап еткен жүргізушілер бір күнде 20 көшенің ой-шұңқырын өлшеген. Оны енді облыстық әкімдікке тапсырмақ.
-Былтыр дәл осы көшеде күрделі жөндеу басталған еді. Алайда қаржыландыру тоқтап, жұмыс аяқталмай қалды. Су жаңа асфальт төселіп біткен жерлерінде жыл өтпестен-ақ шұңқырлар пайда болған. Сондықтан жүргізушілер кезекті жөндеудің сапалы өтеріне күмәнмен қарайды.
Loading...