Семейде жыл басынан бері өндірісте 73 оқыс оқиға болып, 6 адам қаза тапты

Оның айтуынша, тұтастай алғанда өндірісте жарақаттану көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 15 процентке азайды. 2006-жылдың басынан бері мемлекеттік еңбек инспециясы Семейдегі 320 кәсіпорында 358 түрлі текесерудер өткізді. Олардың барысында 2941 түрді заң бұзушылықтар анықталды. Бүгінде олардың бәрі де жойылды.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, заң бұзушылықтардың басым бөлігі еңбек қорғау мен қауіпсіздік талаптарын сақтамауға байланысты. Мамандар жұмысшы-қызметкерлердің арнаулы киім-кешекпен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілу жағдайына алаңдаушылық білдіреді. 95 адам еңбек туралы заң талаптарын бұзу деректері үшін әкімшілік жауапкершілкке тартылып, олардан 891 мың 980 теңгенің айыппұлы өндіріп алынды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті