Ұрлық туралы шағым құқық қорғау органдарына "Теплокоммунэнерго" МҚК директорының орынбасарынан келіп түскен. "Ол еркін кіру жолымен жылу энерго орталығының аумағынан 27,4 тонна көмір ұрланды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.
Жалпы шығын көлемі 52,8 мың теңгені құраған. Аталмыш дерек бойынша Семейдің 49 жастағы тұрғыны тұтқындалған. Оған қатысты материал тергеу бөліміне жіберілді. Ұрланған зат тәркіленген.