Ол Семейдің қазіргі жылу көздері мен жылу желілерін биылғы жылу маусымына дайындау үшін былтыр жеті нысанда басталған жұмыстарды аяқтау үшін республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге бөлінгенін еске салды. Сонымен қатар, жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 500 млн теңге аударылған. "Нысандардағы жұмыс белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде", - деді Ә. Бергенов.