Семейде жылу тарифін қымбаттатпау мүмкін емес – әкім


«Тарифті қымбаттатпай болмайды. Немесе «Шығысэнерготрейд» пен бас компания банкротқа ұшырайды. «Семей су арнасы» компаниясындағы жағдай да қиын. «Жылукоммунэнерго» оған 300 млн теңгеден астам қарыз. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. (. . . .) біз экономикалық проблеманы шешу үшін осылай істеуіміз керек. Енді екі жыл осылай жалғасатын болса Семейдің ғана емес, жалпы ШҚО коммуналдық және энергетикалық жүйесі тығырыққа тіреледі», - деді Д.Ахметов бейсенбі күні Семей әкімдігінде өткен жиында.
Әкімнің айтуынша, жылумен қамтитын кәсіпорындар тарифтің төмендігіне байланысты осындай жағдайға душар болып отыр.
«Қаласақ та, қаламасақ та тарифті көтеруге тура келеді», - деп қосты Д.Ахметов.