Семейде жылу жүйесінің люкында шыққан өртті сөндірген кезде үш еркектің мәйіті табылды

Жылу жүйесінің люкында 26-қарашада өрт шыққан. Тілсіз жау 30 минуттың ішінде сөндірілді. Өртті сөндіруге өртке қарсы күрес қызметінің 6 адамы жұмылдырылды.

Қаза тапқан адамдардың аты-жөні әзірге анықталған жоқ.