- Екі теледидарды алғаны несі? Әй, қозғама бұл теледидар 200 мың теңге тұрады. Менікі емес. Қаржы полициясы бастығы орынбасарынікі. Маған көруге берген.
Қарызы 100 мың теңгеден асқан мына әйел өліспей беріспеуге бел байлаған. Тіпті, тәркіленгелі жатқан теледидарды қаржы полициясының лауазымды қызметкері уақытша қолдануға берген деп ақталды. Оған қарамастан сот орындаушылары мүлікті алып кете барды. Енді қымбат техниканы қайтару үшін келіншек алдымен қарызды жабуы тиіс. Ал берешегі одан да көп тұрғындардың пәтерлерінде жылу құбырлары кесіліп тасталды. Енді осындай 60-қа жуық баспана иелері борышын өтеп қана қоймай, құбырды қалпына келтіру үшін де шығынданбақ. Жылу беретін мекеме өкілдері бұған еріксіз бардық деп отыр. Себебі қала бойынша осы қызметке қарыздың көлемі жарты миллиард теңгеге жеткен.
Гауһар Жетпісбаева, «Жылукоммунэнерго» МКК бөлім бастығы:
-600 абонентті жылудан ажырату туралы шешім шығарылған. Ол жақын арада орындалады. Бір айтары, ақысын уақытында төлейтін көршілерге бұл әсер етпейді. Тек қарызы бар пәтерлер ажыратылатын болады