Семейде жылуға қарызы бар тұрғындардың шетелге шығуына тиым салынды

Қарызға батқандардың дені – дүкен дәріхана мен қонақ үй қожайындары. Осындай меншік иелерінің ғимараттары жылудан күн сайын ажыратылады. «Қара тізімде» 500-дей кәсіпкер бар. Еңбек демалысын шетелде өткізуді жоспарлап қойғандары енді бұл мүмкіндіктен толықтай айырылады. Коммуналшылар берешектер тиын-тебеніне дейін өтелмейінше, рұқсат қағазын бермейміз деп отыр. Айта кетейік, семейліктердің жылу үшін қарызы жарты миллиард теңгеге жеткен.


Гауһар Жетпісбаева, «Теплокоммунэнерго» МҚК бөлім бастығы:

-Тұрғындардың арасында қарызды дер кезінде төлемегендіктен, шекара аса алмай қалғандары бар. Жап-жақсы демалыстарын өздері бүлдірді.